empty
 
 

Хеджирлеу (Hedge) ағылшын тілінен аударғанда – қорғау, сақтандыру. Сақтандыру клиенттің қаражатын валюта бағамының қолайсыз өзгерісінен қорғауды білдіреді. Форексте мәмілелер жасау арқылы, шоттағы қаражат солардың ағымдағы құны бойынша тиянақталады. Осылайша, сақтандыру валюта бағамының өзгерісімен байланысты тәуекелді болдырмауға және олардың құбылуымен өзгертілмеген нәтиже алуға мүмкіндік береді.


Сақтандыру деп шын мәнінде, қолайсыз нарықтық факторлардың, сонымен тікелей байланысты аспаптың бағасына әсерінен болатын қатерді төмендету үшін басқа аспапты қолдануды білдіреді. Хеджирлеу термині көп жағдайда валюта бағамдары, активтер және т.б. бағасының өзгеру тәуекелінен сақтандыруды білдіреді. Сақтандыруды нарықтағы баға қозғалыстарымен байланысты қауіпті азайту үшін жасалатын күрделі қаржы салымдары ретінде қарастыруға да болады. Сақтандыру құны, содан бас тартқан жағдайдағы ықтималды шығындарды ескере отырып, бағалануы керек.


Форекстегі сақтандыру түрлері. Бірінші түрі – тауар бағасының ықтималды өсуімен байланысты қатерді азайту үшін, сатып алушының қаражатын сақтандыру. Екінші түрі – тауар бағасының ықтималды төмендеуімен байланысты қатерді азайту үшін, сатушының қаражатын сақтандыру.


Сақтандырудың мысалы. Шетел валютасын импорттайтын трейдер өзінің сауда шотында валютаны сатып алу бойынша мәмілені алдын ала ашады, ал осы валютаны өзінің банкінде шынайы сатып алу уақыты келгенде, ол осы позицияны жабады. Ал шетел валютасын экспорттайтын трейдер өзінің сауда шотында валютаны сату бойынша мәмілені алдын ала ашады, ал осы валютаны өзінің банкінде шынайы сату уақыты келгенде, оны жабады.


Былайша аталатын, сақтандыру механизмі бар, ол валюта нарығында (бағалы қағаздар және т. б.) және оған қарама-қарсы Фьючерстер Нарығындағы міндеттемелерді теңгеруді білдіреді. Қандай да бір нақты аспап бойынша капиталды жоғалтудан қорғау үшін, басқа аспап бойынша ақшалай шығындардың орнын толтыра алатын позиция ашылады.


Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.