empty
 
 

Халықаралық Форекс валюта нарығындағы жұмыс трейдердің қазіргі кезде таңдауы өте көп болып келетін озық бағдарламалық жасақтаманы пайдалануын қарастырады. Трейдерден бар талап етілетіні - бұл Форекстің барлық жаңа бағдарламаларын қадағалау, қандай да бір бағдарламалық жасақтаманың артықшылықтарын талдау. Форекс бағдарламалық жасақтамасы брокерден басталып, көбінесе Кеңесшілер ретінде белгілі автоматты бағдарламалық жасақтамамен аяқталады. Көптеген брокерлер оларды тегін немесе аздаған төлемге ұсынады.


Форекс бағдарламалық жасақтамасы трейдердің қолындағы қуатты сауда аспабы болып табылады. Бағдарламалық жасақтаманы қолданбай валюта нарығында жұмыс істеу және мәмілелер жасау мүмкін емес. Бағдарламалық жасақтама неғұрлым тиімдірек болса, трейдердің саудасы соғұрлым табысты және пайдалы болмақ.


Бүгіндері көптеген брокерлер және дилинг орталықтары бағдарламалық жасақтаманың меншікті әзірлемелерін ұсынады.


Бүгінгі таңда трейдердің сауда жүргізуінің барлық жеке критерийлеріне сай келетін түсінікті және интуитивті жағымды интерфейсі бар, трейдинг үшін лайықты бағдарламалық жасақтаманы таңдау өте қиын. Бағдарламалық жасақтаманың бірнеше түрі бар.


1. Форекс графиктерін қолданатын бағдарламалық жасақтама. Осы сауда алаңымен трейдердің нақты ақшамен нақты шоттарда саудалау мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламалық жасақтаманың баға белгілеу қасиеті бар, ол сәйкес сауда үшін бағаның ағымдағы көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады. Аталған бағдарламалық жасақтаманы қолдану трейдерге сауданың барысын қадағалауға мүмкіндік береді.


2. Автоматты бағдарламалық жасақтама. Бағдарламалық жасақтаманың бұл түрі трейдер үшін сауданы ұйымдастыруға арналған. Осы бағдарламалық жасақтаманың жұмыс принципі, сауданың бүкіл процессі трейдердің аздап қана араласуымен, автоматты режимде өтуімен ерекшеленеді.


3. Бағдарламалық жасақтама – сауда сигналдарының жүйесі. Сауда сигналдарының жүйесін, әдетте, брокерлік компанияларға қатысы жоқ адамдар жасайды. Осы бағдарламалық жасақтама, трейдердің сауданы жүргізу критерийлеріне және сұранысына барынша сай келетін форекс индикаторларын өз бетінше таңдауын көздейді. Сауда сигналдары, трейдердің нарықтағы трендтік жағдайды әлдеқайда айқын біліп және нарыққа қашан кіріп, қашан шығуды білуі үшін қолданылады.


Трейдер үшін қандай да бір бағдарламалық жасақтаманың негізгі сипаттамаларын анықтау маңызды болып табылады. Сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманың маңызды қасиеттерінің бірі шабуылдардан қорғаныс болмақ. Бағдарламалық жасақтаманың бағдарламалық қолдауы болып, белгілі бір уақыт өткен соң жаңартылуы тиіс. Сонымен қатар, бағдарламалық жасақтаманың деректерді көшіру, көшірмелерді жасау және сақтау функцияларының болуы өте маңызды болып табылады. Дұрыс таңдап алынған бағдарламалық жасақтама трейдерге өзінің сауда уақытын дұрыс жоспарлауға және Форекс валюта нарығында сауда жасаудан максимум пайда алуға мүмкіндік береді. Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану трейдердің Форекс нарығындағы жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Бірақ, қандай да бір бағдарламалық жасақтаманы анықтау үшін, алдымен оны тексеріп, содан кейін ғана Форекс халықаралық валюта нарығында тұрақты саудада қолдануға болады.


Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.