Бұл жүйе, ForexCopy Трейдердің мәмілелерін нақты уақыт режимінде көшіруге және оларды ForexCopy Жазылушылардың шоттарында автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ForexCopy Жазылушылар әрбір ForexCopy Трейдердің бір тәулікте көшірілген мәмілелер санын реттей алады, көшірілетін лоттардың ара-қатынасын және өз шотына көшіру үшін белгілі бір аспаптарды таңдай алады.
Иә, сіз мәмілелердің бәрін, сондай-ақ көшірілетін лоттардың алдын-ала қойылған ара-қатынасы бар белгілі бір аспаптар бойынша мәмілелерді де көшіре аласыз.
Комиссия ForexCopy Трейдерге мынадай жағдайларда есептеледі:
– ForexCopy Трейдердің немесе ForexCopy Жазылушының бастамасы бойынша жазылуды тоқтатқан кезде;
– ролловер функциясын активтегенде, бұл ретте ForexCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіру жазылуды тоқтатпай жалғаса береді;
– егер ForexCopy Трейдер күнделікті "Жазылу күнгі баға" төлем әдісін таңдаса, онда ол комиссияны күн сайын сағат 23:30 GMT+2 алады.
MetaTrader терминалында ордерлердің пайда болуының кідірісі 15 секундтай уақытты алады, бірақ ордерлер ForexCopy Трейдердің шотында ашылған ордерлерге ұқсас болады.
Осы тізімде ең жиі қолданылатын аспаптар берілген. Егер сіз "ИнстаТрейдтің барлық сауда аспаптарын" көшіру баптауын таңдасаңыз, онда трейдер саудалайтын барлық аспаптар көшіріледі, соның ішінде фьючерстер, акциялар және т.б.
Жазылым аяқталғанға дейін сіз комиссияны сол ForexCopy Трейдерге жазылған кезде өзіңіз келіскен бұрынғы шарттар бойынша төлейсіз, ал жаңа ForexCopy Жазылушылар мәмілелерді жаңа шарттармен көшіреді.
Иә, ForexCopy Жазылушының да ордерді баптауы өзгереді.
Егер ForexCopy Жазылушының ForexCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда бұл жағдайда барлық қолжетімді қаражат комиссия бойынша берешекті өтеу үшін шегеріледі, ал қалдығы жүйеде тіркеліп, ForexCopy Жазылушы шотын толтыру кезінде, бірақ жазылу аяқталғаннан кейін 72 сағаттан (3 тәулік) кешіктірмей, шегеріледі.
Иә, сіз белгілі бір ForexCopy Трейдерден бас тарта аласыз, бірақ бұл үшін сол трейдердің барлық көшірілген және қазіргі уақытта ашық мәмілелерін жабу керек.
Иә, ForexCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен ForexCopy Жазылушыдан бас тарта алады, бірақ бұл үшін трейдердің шотынан көшірілген барлық мәмілелер жазылушының шотында жабық болуы тиіс, сондай-ақ жазылушыдан алынатын комиссия 0 көп болуы тиіс.
Кейінге қалдырылған ордерлер ForexCopy Жазылушылардың шоттарына ForexCopy Трейдердің шотында активтеу кезінде көшіріледі.
Иә, ForexCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіруді бастау үшін кемінде 10 USD болуы тиіс(бонус қаражаттарын ескерусіз).
Сіз оны MetaTrader сауда терминалында жаба аласыз, бірақ сіз оның күшін жоя алмайсыз.
Мәмілелерді көшіруге өтінімдердің бәрі автоматты түрде де, сондай-ақ ForexCopy Трейдердің қалауы бойынша және қолмен жұмыс істеу режимінде де қабылдануы мүмкін. Егер 72 сағат бойына(3 тәулік) өтінім мақұлданбаса, онда ол автоматты түрде күшін жояды.