empty
 
 
Жиі қойылатын сұрақтар

Возникли вопросы?

Мы знаем на них ответы! На этой странице мы постарались ответить на самые распространенные вопросы о партнерской программе, торговых условиях, ПАММ-системе, регистрации, верификации и многом другом.
ForexCopy жүйе бойынша сұрақтар
ForexCopy-жүйе деген не?

Бұл жүйе, ForexCopy Трейдердің мәмілелерін нақты уақыт режимінде көшіруге және оларды ForexCopy Жазылушылардың шоттарында автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ForexCopy Жазылушылар әрбір ForexCopy Трейдердің бір тәулікте көшірілген мәмілелер санын реттей алады, көшірілетін лоттардың ара-қатынасын және өз шотына көшіру үшін белгілі бір аспаптарды таңдай алады.


Мен ForexCopy Жазылушы ретінде мәмілелердің менің шотыма қандай аспаптар бойынша және ашылатын лоттардың қандай ара-қатынаста көшірілетінін таңдай алам ба?

Иә, сіз мәмілелердің бәрін, сондай-ақ көшірілетін лоттардың алдын-ала қойылған ара-қатынасы бар белгілі бір аспаптар бойынша мәмілелерді де көшіре аласыз.


ForexCopy Трейдер көшіргені үшін комиссиясын қашан алады?

Комиссия ForexCopy Трейдерге мынадай жағдайларда есептеледі:
– ForexCopy Трейдердің немесе ForexCopy Жазылушының бастамасы бойынша жазылуды тоқтатқан кезде;
– ролловер функциясын активтегенде, бұл ретте ForexCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіру жазылуды тоқтатпай жалғаса береді;
– егер ForexCopy Трейдер күнделікті "Жазылу күнгі баға" төлем әдісін таңдаса, онда ол комиссияны күн сайын сағат 23:30 GMT+2 алады.


ForexCopy жүйесінде мәмілелерді көшірудің жылдамдығы қандай?

MetaTrader терминалында ордерлердің пайда болуының кідірісі 15 секундтай уақытты алады, бірақ ордерлер ForexCopy Трейдердің шотында ашылған ордерлерге ұқсас болады.


Неге көшіру үшін валюта жұптарын қолмен таңдау кезінде шағын тізім ғана қолжетімді?

Осы тізімде ең жиі қолданылатын аспаптар берілген. Егер сіз "ИнстаТрейдтің барлық сауда аспаптарын" көшіру баптауын таңдасаңыз, онда трейдер саудалайтын барлық аспаптар көшіріледі, соның ішінде фьючерстер, акциялар және т.б.


ForexCopy Трейдер мен оның мәмілелерін көшіруге жазылған кезде, комиссияны өзгертті. Мен комиссияны бұрынғы шарттар бойынша төлеймін бе әлде жаңа шарттармен бе?

Жазылым аяқталғанға дейін сіз комиссияны сол ForexCopy Трейдерге жазылған кезде өзіңіз келіскен бұрынғы шарттар бойынша төлейсіз, ал жаңа ForexCopy Жазылушылар мәмілелерді жаңа шарттармен көшіреді.


Егер ForexCopy Трейдер көшірілген ордерді түрлендірсе, ForexCopy Жазылушының ордерді баптауы өзгере ме?

Иә, ForexCopy Жазылушының да ордерді баптауы өзгереді.


Егер ForexCopy Жазылушының ForexCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда трейдер оны алмай ма?

Егер ForexCopy Жазылушының ForexCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда бұл жағдайда барлық қолжетімді қаражат комиссия бойынша берешекті өтеу үшін шегеріледі, ал қалдығы жүйеде тіркеліп, ForexCopy Жазылушы шотын толтыру кезінде, бірақ жазылу аяқталғаннан кейін 72 сағаттан (3 тәулік) кешіктірмей, шегеріледі.


Мен ForexCopy Трейдерден бас тарта алам ба?

Иә, сіз белгілі бір ForexCopy Трейдерден бас тарта аласыз, бірақ бұл үшін сол трейдердің барлық көшірілген және қазіргі уақытта ашық мәмілелерін жабу керек.


ForexCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен ForexCopy Жазылушыдан бас тарта ала ма?

Иә, ForexCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен ForexCopy Жазылушыдан бас тарта алады, бірақ бұл үшін трейдердің шотынан көшірілген барлық мәмілелер жазылушының шотында жабық болуы тиіс, сондай-ақ жазылушыдан алынатын комиссия 0 көп болуы тиіс.


Кейінге қалдырылған ордерлерді ForexCopy Жазылушылардың шоттарына көшіру қалай жүзеге асырылады?

Кейінге қалдырылған ордерлер ForexCopy Жазылушылардың шоттарына ForexCopy Трейдердің шотында активтеу кезінде көшіріледі.


Мәмілелерді көшіруді бастау үшін ForexCopy Жазылушының шотындағы минималды балансқа қойылатын талаптар бар ма?

Иә, ForexCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіруді бастау үшін кемінде 10 USD болуы тиіс(бонус қаражаттарын ескерусіз).


Мен ForexCopy Жазылушы бола тұрып, ForexCopy Трейдердің көшірілген мәмілесінің күшін жоя алам ба, егер бұл мәміленің шығынды болуы ықтималды деп санасам?

Сіз оны MetaTrader сауда терминалында жаба аласыз, бірақ сіз оның күшін жоя алмайсыз.


Жазылымға өтінім автоматты түрде қабылдана ма немесе ForexCopy Трейдер жазылымды растауы керек пе?

Мәмілелерді көшіруге өтінімдердің бәрі автоматты түрде де, сондай-ақ ForexCopy Трейдердің қалауы бойынша және қолмен жұмыс істеу режимінде де қабылдануы мүмкін. Егер 72 сағат бойына(3 тәулік) өтінім мақұлданбаса, онда ол автоматты түрде күшін жояды.


Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.