empty
 
 
Жиі қойылатын сұрақтар

Возникли вопросы?

Мы знаем на них ответы! На этой странице мы постарались ответить на самые распространенные вопросы о партнерской программе, торговых условиях, ПАММ-системе, регистрации, верификации и многом другом.
Сауда шарттары бойынша сұрақтар
Неліктен ИнстаТрейд стандартты 100000 орнына 10000 лотты пайдаланады?

ИнстаТрейд компаниясы біреудің ішіндегі үш түрлі шотты бірден пайдалана отырып, Forex-те саудалау мүмкіндігін ұсынады: Micro trade, Mini trade, Standard trade. Осындай технологияны мүмкін ету үшін, лоттың стандартты емес көлемі 10000 енгізілді, ол 0.01 лотқа мәміле кезінде пункт бағасын 0.01 USD береді, яғни абсолютті минимум, ол 5000-10000 дейінгі шоттардың иелеріне өз тәуекелдерін барынша бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бір мезетте, лоттың 10000 көлемі мәмілелерді ашу кезінде пункт құнын есептеуді ыңғайлы етеді.

Төменде ұсынылған деректерге қарасақ жеткілікті:
0.01 ИнстаТрейд-лот мәмілесі = Пункт бағасы 0.01 USD
0.1 ИнстаТрейд-лот мәмілесі = Пункт бағасы 0.1 USD
1 ИнстаТрейд-лот мәмілесі= Пункт бағасы 1 USD
10 ИнстаТрейд-лот мәмілесі = Пункт бағасы 10 USD
100 ИнстаТрейд-лот мәмілесі = Пункт бағасы 100 USD
1000 ИнстаТрейд-лот мәмілесі = Пункт бағасы 1000 USD

Есептеудің ыңғайлы болуы және бір сауда шотында Forex-сауданың үш деңгейін бірден ұштастыру мүмкіндігі ИнстаТрейд-лоттарды ИнстаТрейд компаниясының сауда шарттарының айқын артықшылығы етеді.


Кредиттік көтерме деген не?

Кредиттік көтерме - бұл кепіл сомасы мен соған бөлінетін қарыз қаражатының арасындағы ара-қатынас (1:100, 1:200, 1:1000). Кредиттік көтерме 1:100, сізге мәмілені жүзеге асыру үшін брокердің сауда шотында мәміле сомасынан 100 есе аз сома қажет болатынын білдіреді. ИнстаТрейд компаниясында сіз 1:1-ден 1:1000 дейінгі көтермені таңдай аласыз.


Нарық шолуында неге мен барлық символдарды көрмеймін?

Бұл сіздің терминалыңыздың қандай да бір жұптар бойынша котировкаларды алуға жазылуыңызға байланысты. Ұсынылатын котировкалар тізімін кеңейту үшін сізге нарық шолуында оң жақтағы тетікті басып, "Барлық символдарды көрсету" пунктын таңдасаңыз жеткілікті.


Жаңалықтар кезінде спредтер ұлғайтылуы мүмкін бе?

ИнстаТрейд компаниясы жаңалықтар кезінде спредтерді ешқашан ұлғайтпайды. Әрбір трейдер "жаңалықтар" уақытында да.

сауда шарттарының өзгеріссіз қалатынына сенімді бола алады.


Мен кеңесшілерді пайдалана алам ба және осыған қатысты қандай шектеулер бар?

Кеңесшілерді пайдалануда ешқандай шектеулер жоқ.


Мен компанияға қарыз болып қалуым мүмкін бе?

Жоқ, мүмкін емес. Егер мәміленің нәтижесінде шотта минус түзілсе, компания оны нөлге дейін қалпына келтіруге міндеттенеді.


Демодағы сауданың нақты сауда шоттарындағы саудадан қандай ерекшелігі бар?

Сауда шарттарында немесе сауда аспаптарының спецификацияларында айырмашылықтар қарастырылмаған. Демо-шоттардағы жұмыс нақты сауда шоттарына ұқсас және жұмыс шартын қайталайды, бар айырмасы, оқу шоттары үшін алу және толтыру операциялары қолжетімді емес.


Ең төменгі депозит неге тең?

Ең төменгі депозит бір долларды құрайды, бұл Сізге әрбір аспап бойынша мәмілелер ашуға мүмкіндік береді.


Неліктен EUR/GBP, EUR/CHF жұптарының құбылмалы спредтері бар?

Қалқымалы спред ірі халықаралық брокерлер жұмыс үшін пайдаланатын жалпы қабылданған аспап болып табылады. бірқатар сауда аспаптары үшін, соның ішінде EUR/GBP, EUR/CHF, қалқымалы спред қолданылады. Спред, компания жұмыс істейтін, нарық талаптарына сай анықталатын мәміле үшін брокердің сыйақысы болып табылады. Контрагенттерде спредтің артуына байланысты және құбылмалылығының төмен болуына қарай, спред қалқымалы күйге ауыстырылды. Қалқымалы спред қолданылатын барлық аспаптар туралы ақпаратпен Сіз спецификациялар бетінде таныса аласыз.


Кепіл сомасын қалай есептейді?

Кепіл сомасы, көтермеге бөлінген мәміленің көлеміне тең. Мәміленің көлемі доллармен мәмілеге қатысқан лоттар санына көбейтілген 10000 және көтермеге бөлінген мәміле валютасының бағамына тең. Мәміле валютасы, символы валюта жұбының белгілеуінде бірінші тұратын валюта болып табылады. Мысалы, EURUSD үшін- бұл EUR (сәйкесінше мәміле валютасының долларға бағамы EURUSD бағамына тең болады), USDCAD үшін - бұл USD (мәміле валютасының долларға бағамы 1 тең, өйткені USD/USD = 1), GBPJPY үшін мәміле валютасының бағамы - бұл GBP (мәміле валютасының долларға бағамы GBP/USD тең болады, өйткені GBPUSD бағамына баламалы). Осылайша, бағам GBPUSD 1.4956 болғанда, көтерме 1:100 кезіндегі GBPUSD 2 лот бойынша мәміле үшін кепіл 10000 * 2 * GBPUSD / 100 = 299.12 USD құрайды. Көтерме 1:1000 болғандағы USDJPY 3.5 бойынша мәміле үшін кепіл тең болады: 10000 * 3.5 * 1 / 1000 = 35 USD.

Біздің клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін сайтта трейдер калькуляторы орналасқан.


Өтінеміз, Бонустарды алуға сілтемені беріңізші?

Қалаған бонустың типін таңдап және оны мұнда сұрата аласыз.


Сіздерде микро және мини шоттар бар ма?

Иә, бар, бірақ Instatrade-те осындай сауда микро- және мини-лоттармен жүзеге асырылады, яғни бізде сіз 0,01 лоттан бастап саудалай аласыз, бұл микро-шотқа эквивалентті.


Кредиттік көтермені қалай ауыстыруыма болады?

Кредиттік көтермені сіз өзіңіз Клиенттік кабинетте ауыстыра аласыз.
Егер қандай да бір себептермен Клиенттік кабинетте бұны жасау Сізге мүмкін болмаса, Live чат, Skype арқылы қолдау қызметімен хабарласып, оларға сауда шотының нөмірін, телефон құпиясөзін және қалаған көтермені айтыңыз.


Мен трейдердің құпиясөзін немесе пин-кодты ұмыттым, (немесе мен трейдердің құпиясөзін немесе пин-кодты ауыстырғым келеді) - оны қалай жасауға болады?

Трейдерлік құпиясөзді клиенттің өзі Клиенттік кабинетте, немесе MetaTrader сауда терминалының баптауларында өзгерте алады.

Ұмытып қалған трейдерлік құпиясөзді ауыстыру үшін, өтінеміз, шот нөмірін және телефон құпиясөзін кез- келген тәсілдермен қолдау қызметіне хабарлаңыз. Сондай-ақ өзіңіз қалаған трейдердің жаңа құпиясөзін айтыңыз(латын әріптері мен сандары, 6-дан 12 символға дейін).

Егер телефонның құпиясөзі ұмытылып қалса немесе оны ауыстыру қажеттілігі болса, пошта арқылы қолдау қызметімен хабарласыңыз support@instatrade.com немесе clients@instatrade.com, хатқа төлқұжаттың/жүргізуші куәлігінің скан көшірмесін қосып, сондай-ақ шот нөмірін айтыңыз. Сіздің трейдерлік құпиясөз қалпына келтіріледі немесе сіздің қалауыңыз бойынша өзгертіледі.

Қаражатты алу үшін ПИН-кодты ауыстырғыңыз келсе, пошта арқылы қолдау қызметімен хабарласыңыз support@instatrade.com немесе clients@instatrade.com, хатқа төлқұжаттың/жүргізуші куәлігінің скан көшірмесін қосып, сондай-ақ шот нөмірін айтыңыз. Хатта сондай-ақ жаңа ПИН-кодты көрсетіңіз (сандар немесе сандар мен әріптер).


Мен бір адамның атына бірнеше шот аша алам ба?

Иә, аша аласыз. Бір адамның атына ашылатын нақты және үйретуші сауда шоттарына шектеулер жоқ.


MetaTrader-де мен максималды 8 лотпен саудалай алам ба?

Жоқ, лоттардың кез- келген санын қолмен жазу керек (10000 дейін).


Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.