empty
 
 

«ИнстаФорекстен Ferrari ұтып ал!» акциясының шарттары


1. Жалпы ережелер

    • 1.1 Акцияның атауы – «ИнстаФорекстен Ferrari ұтып ал» (бұдан әрі – Акция).
    • 1.2 Акцияны ИнстаФинтех компаниялар тобы ұйымдастырды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы!.
    • 1.3 Акцияның аясында Ferrari F8 Tributo автомобилінің ұтысы өткізіледі.
    • 1.4 Акцияны өткізудің жалпы мерзімі – 2019 ж. 9 желтоқсаны мен 2022 ж.9 желтоқсан аралығы (бұдан әрі – Акцияның өткізілетін кезеңі).

2. Акцияның қатысушылары

    • 2.1 Акцияға іс-әрекетке қабілетті кәмелетке толған, ИнстаФорекс компаниясында нақты сауда шоттары бар азаматтар қатыса алады(бұдан әрі – Қатысушы).
    • 2.2 Акцияға қатысу үшін, ИнстаФорекс компаниясында нақты сауда шотын Акцияның өткізілетін кезеңінде 1000 АҚШ долларға немесе одан да көп сомаға толтырып, тіркелу керек. ИнстаФорекс клубтық картасының иелері үшін, Акцияға қатысу үшін қажетті минималды депозит сомасы 500 АҚШ долларын құрайды.
    • 2.3 Қатысушы Акцияға бірден көп шотты тіркеуге құқылы, осылайша бас жүлдені ұтуға деген өз мүмкіндігін арттыра алады. Алайда, 100-ден астам шот ашылғаны анықталған жағдайда конкурстың әкімшілігі осы клиенттің акцияға қатысатын шоттар санын 100 -ге дейін азайту құқығын өзіне қалдырады.
    • 2.4 Акцияға келесі шартты қанағаттандырған кез -келген шот қатыса алады: A - B + C > $1000, мұнда A - 2019 ж.9 желтоқсанынан бастап толтыру сомасы, B - 2019 ж. 9 желтоқсанына дейінгі алу сомасы, C - сауда нәтижесі. Егер С<0, онда талап А - В > $1000 дейін жеңілдетіледі. ИнстаФорекс клубтық картасының иелері үшін шот келесі шартты қанағаттандыруы керек: A - B + C > $500, мұнда A - ж.9 желтоқсанынан бастап толтыру сомасы, B - 2019 ж. 9 желтоқсанына дейінгі алу сомасы, C - сауда нәтижесі. Егер С<0, онда талап А - В > $500 дейін жеңілдетіледі.

3. Сауда шарттары

    • 3.1 Нарықтық емес бағамен ашылатын барлық сауда ордерлерінің күші жойылуға тиіс.
    • 3.2 Қатысушы сауда кеңесшілерін және сауда стратегияларын еш шектеусіз пайдалана алады.
    • 3.3 Қатысушы кез келген сәтте Техникалық қолдау қызметіне жүгіну арқылы өзінің сауда шотының түрін Swap-Free (және керісінше) өзгерте алад.
    • 3.4 Акцияға қатысушы -шоттар үшін барлық басқа сауда шарттары ИнстаФорекс компаниясындағы нақты сауда шоттарына арналған сауда шарттарына ұқсас.

4. Жеңімпазды анықтау

    • 4.1 Ferrari F8 Tributo автомобилі ұтысының Жеңімпазын анықтау(бұдан әрі – Акцияның Жеңімпазы).
      • 4.1.1 Акцияны Жеңімпазының шоты мынадай схема арқылы анықталады: Жеңімпазды анықтау алгоритмінде шоттың соңғы 5 саны алынады (ол 5-таңбалы, 6-таңбалы немесе 7-таңбалы болуына қарамастан). Егер осы 5 сан Ferrari-санмен сәйкес келсе, онда шоттың иегері Акцияның Жеңімпазы болады.
      • 4.1.2 2022 ж.9 желтоқсанда, жұмада сағат 23:59 келесі жұптар бойынша сауданы жабу сәтіне бағамның тиянақталуы өтеді:
        • Ferrari-санның бірінші саны – EURUSD жабылудың соңғы саны
        • Ferrari-санның екінші саны – GBPUSD жабылудың соңғы саны
        • Ferrari-санның үшінші саны - USDJPY жабылудың соңғы саны
        • Ferrari - санның төртінші саны - USDCHF жабылудың соңғы саны
        • Ferrari-санның бесінші саны – USDCAD жабылудың соңғы саны
      • 4.1.3 Егер генерацияланған Ferrari-анмен сәйкес келген шот Қатысушы болмаса, одан кейінгі немесе оның алдындағы шот Жеңімпаз деп танылады. Жеңімпаз ең үлкен депозит принципі бойынша таңдалады, ол мынадай формула бойынша есептеледі: A - B + C.
      • 4.1.4 Егер осылайша генерацияланған Ferrari-санмен бірнеше нөмір сәйкес келсе – 5-таңбалы шот, 6-таңбалы нөмірден бірінші санды алудың нәтижесі мен 7-таңбалы сауда шотының алғашқы алудың нәтижесі болса, онда бас жүлде ең үлкен депозиті бар шоттың иесіне бұйырады (ең үлкен депозит формула бойынша есептеледі: A - B + C).

5. Нәтижелерін жариялау

    • 5.1 Қатысушылардың конкурстық шоттары тіркелген өңірлер мен елдердің статистикасы жарияланады.
    • 5.2 Акцияның нәтижелері Акция аяқталғаннан кейін және барлық қажетті тексеруді өткізгеннен кейін 45 күннің ішінде жарияланады.
    • 5.3 Конкурстың қорытындысы мен марапаттау рәсімінен репортаж www.instaforex.com веб-сайтта және бірқатар теле- және баспа БАҚ жарияланады.

6. Жүлдені алу

    • 6.1. Жалпы ережелер.
      • 6.1.1 Акцияның Жеңімпазы Акцияның және ұтыстың қорытындысын жариялағаннан кейін күнтізбелік 20 күн ішінде Ұйымдастырушымен телефон арқылы жүлдені алу күнін, уақытын және орнын келіседі.
      • 6.1.2 Жеңімпаздың сауда шотын анықтағаннан кейін Ұйымдастырушы Қатысушы туралы ақпаратты, сондай-ақ осы ереженің 2.1. – 2.3. т. сәйкес оның Акцияға қатысу құқығын тексереді. Егер қандай да бір деректер дұрыс болмай шықса, сондай-ақ егер қатысушының Акцияға қатысу құқығы болмаса, ұтыс жарамсыз деп танылады.
      • 6.1.3 Жүлдені алу тәртібін бұзған жағдайда(төлқұжаттың болмауы немесе жарамдылық мерзімінің өтуі, және т. б.) Ұйымдастырушы жүлдені беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
    • 6.2 Акцияның бас жүлдесі – Ferrari F8 Tributo автомобилін алу.
      • 6.2.1 Жүлдені жеңімпаз компанияның РФ орталық өкілдіктерінің бірінен алуына болады (Калининград және Мәскеу) немесе жеңімпазбен келісім бойынша әлемнің кез-келген жеріне жеткізілуі мүмкін.
      • 6.2.2 Акцияның Жеңімпазына жүлдені тапсыру төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатты көрсеткенде және қабылдау-беру актісінде келесі мәліметте көрсетілгенде беріледі: тегі, аты, күні, туған жылы, төлқұжат деректері, елді мекеннің коды міндетті түрде көрсетілген байланыс телефон нөмірі. Жоғарыда аталған деректемелердің бірін көрсетпеген жағдайда жеңімпаз жүлдені алуға құқығынан автоматты түрде айырылады.
      • 6.2.3 Егер Акцияның Жеңімпазы жүлдені өзі ала алмаса, оны беру шарты жеңімпаздың атынан нотариалдық сенімхаттың негізінде басқа тұлғаға рәсімделеді.
      • 6.2.4 Жүлдені алған сәттен бастап Акцияның кез-келген Қатысушысы барлық салықтардың және қолданыстағы заңда белгіленген өзге де міндетті төлемдердің төленуіне жауапты болады.
      • 6.2.5 Автомобильді жеңімпаздың тұрғылықты жеріне тасымалдау шығынын ИнстаФорекс компаниясы көтереді. Алайда жеңімпаз салықтар және кедендік алымдар бойынша шығындарды өзі көтереді.
      • 6.2.6 Акцияның бас жүлдесінің орнына жеңімпаз балама сыйлықты таңдап, басқаруына 300 000 АҚШ доллары сомасына сауда шотын аша алады. Бұл сауда шотының:
        • 300 000 АҚШ доллары көлеміндегі бастапқы қаражат жеңімпаз верификацияның екі деңгейін өткеннен кейін ғана сауда шотына есептеледі;
        • 300 000 АҚШ доллары көлеміндегі бастапқы қаражатты алуға болмайды, алайда олардан алынған пайданың 50% шектеусіз алуға болады;
        • ашық мәмілелердің ең көп саны 10 аспауы керек, барлық мәмілелер бойынша лоттардың жиынтық көлемі 600 аспайды;
        • мәмілелердің ең аз мөлшері 6 лот құрайды;
        • жүлде қаражатына лот көлемі барынша ықтималды бірлі-жарым ықтималды ордерлер ашылатын, немесе осындай ордерлер көптеген бір бағыттағы позицияларды ашу арқылы жасанды түрде қалыптасатын сауда стратегияларын пайдалануға тиым салынады;
        • пайданы шығару үшін қолжетімді соманың ең жоғары мөлшері жүлде қаражатының екі еселенген сомасы болып табылады.
      • 6.2.7 Жеңімпаз, қаражатты кез -келген көлемде алғанда, берілген жүлде толық көлемде жойылатынымен келіседі.

7. Қорытынды ережелер

    • 7.1 Ұйымдастырушы Акцияны өткізумен байланысты мәліметтер мен ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан қорғаудың барлық шараларын қолданады және Акцияны өткізумен байланысты мәліметтер мен ақпаратты үшінші тұлғаға беруге міндетті емес.
    • 7.2 кцияға қатысу фактісі Қатысушының ұтқан жағдайда келесі жәйттермен келісетінін білдіреді:
      • радио, телевидение және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруге;
      • Ұйымдастырушы оның фотосуреттерін жарнамалық мақсатта пайдалануына;
      • Ұйымдастырушы жарнамалық мақсатта қосымша ақы төлеусіз оның атын, тегін пайдалануына;
      • Осы тармақта көрсетілген объектілерді пайдалана отырып дайындалған жарнамалық материалдардың барлық авторлық құқықтары Ұйымдастырушыға тиесілі.
    • 7.3 Акцияны өткізуге және оның нәтижелеріне байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.
    • 7.4 Акцияға қатысу автоматты түрде Қатысушылардың барлық ережелермен танысқанын және толық келісетінін білдіреді.
    • 7.5 Егер Акцияның жеңімпазы оны өткізудің барлық шарттарын сақтаудан бас тартса, оның Акцияға қатысу күші жойылады.

8. Акция шартының тілі

    • 8.1. Негізгі тіл ағылшын тілі болып табылады.
    • 8.2. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін, Компания Акцияның шарттарын басқа тілдерге аударып бере алады. Бұл аударма тек қана ақпараттық сипатта болады.
    • 8.3. Акцияның осы шарттарының ағылшын тіліндегі нұсқасы мен оның аудармасы арасындағы кез-келген қайшылықтар туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдылық беріледі.

Конкурстың басты беті Мүмкіндікті есептеу Тіркеу

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.