empty
 
 

Market Facilitation Index - BW MFI: сипаттамасы, баптау және қолдану

Нарықты Жеңілдету Индексінің (Market Facilitation Index, BW MFI) Техникалық Индикаторы бір тикте болатын бағаның өзгерісін көрсетеді. Индикатордың абсолютті шамаларының өздерінің мәні жоқ, тек индикатордың өзгеруінің мәні ғана бар. Билл Вильямс индикатор мен көлемнің өзгерістеріне үлкен мән береді:

Market Facilitation Index Индикаторы өсті және көлемі де артты — бұл мыналарды білдіреді: а) көптеген ойыншылар нарыққа кіруде (көлемі өсуде), б) жаңадан келген ойыншылар озицияларды бардың даму бағытында ашады, яғни қозғалысы басталды және жылдамдығы артып келеді.

Market Facilitation Index Индикаторы құлап, көлемі төмендеді. Бұл нарыққа қатысушылардың қызығушылығының жоғалуын білдіреді.

Market Facilitation Index Индикаторы өсті, бірақ көлемі төмендеді. Нарық трейдерлер тарапынан көлемі жағынан қолдау таппады, ал баға трейдерлердің «еденде» алып-сатарлығының (делдалдар — брокерлер және дилерлер) арқасында өзгереді.

Market Facilitation Index Индикаторы құлады, бірақ көлемі артты. Сатып алу және сатудың үлкен көлемімен, бірақ күштерінің шамамен тең болуы салдарынан бағаның шамалы қозғалысымен бұқалар мен аюлардың шайқасы жүреді. Қарама-қарсы екі тараптың бірі (сатып алушылар сатушыларға қарсы) жеңеді. Әдетте, бардың осындай бұзып өтуі, осы бар трендтің жалғасуын анықтайтыны немесе ол трендтің күшін жойғанын білдіреді. Билл Вильямс осындай барды «жүресінен отырған» деп атайды.

Есептеу

BW MFI есептеу үшін бардың максималды бағасынан минималдыны шегеріп, алынған нәтижені көлемге бөлу керек.

BW MFI = (HIGH-LOW)/VOLUME

Мұнда:

HIGH — ағымдағы бардың максималды бағасы;
LOW — ағымдағы бардың минималды бағасы;
VOLUME — ағымдағы бардың көлемі.

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.